4 сағат бұрын
Қазақстан 32 жылдан кейін садақ атудан әлем чемпионатында жүлде алды

Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Компаунд, құралмалы садақ бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңді.
Бұған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлдегер атанған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
