4 сағат бұрын
Данил Васильев FIS кубогында қола медаль жеңіп алды

Бүгін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савиньи елді мекенінде өткен FIS кубогында 3-орын алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ұлттық құрама көшбасшысы 250,7 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Бүгінгі нәтиже (трамплин К-90):
1. Адам Нижник (Польша) – 268,3 балл
2. Эней Фалетич (Словения) - 266,1
3. Данил Васильев - 250,7
Айта кетейік, Данил кеше аталған жарысты үздік бестікте аяқтаған (275.0 ұпай). Ал бірнеше апта бұрын Польшаның Висла қаласындағы жазғы әлем кубогында 2-орын алып, тарихи нәтиже тіркеген.
Барлығы Словениядағы бәсекеде 20-ға жуық елден 72 шаңғышы өзара сынға түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
