3 сағат бұрын
QAZAQSTAN QYZMET CUP 2025 турнирінің жеңімпазы белгілі

2025 жылғы 4–7 қыркүйек аралығында Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионында QAZAQSTAN QYZMET SUPER CUP 2025 турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан QYZMET CUP жобасының қорытынды кезеңі биыл да жоғары деңгейде өтті. Осы уақыт аралығында жобаға Қазақстан бойынша 500-ден астам команда мен 6000-нан аса қатысушы қатысты.
Турнирдің басты мақсаты — мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға бағытталған кооперация мен коммуникацияны нығайту, командалық рухты күшейту және түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы жаңа байланыстарды орнату.
Қорытынды нәтижелер:
1-орын — Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы
2-орын — ABYROY СГО
3-орын — Астана қаласы Полиция департаменті
3-орын — «Самұрық Энерго» АҚ
«Парасат Shield» иегері — ШЧ-38 (Арыс).
Жеке номинациялар:
– Үздік топ жетекшісі — Марат (Энергосистема)
– Үздік сұрмерген — Зиятов Алмас (Абыро́й)
– Үздік қақпашы — Серкебаев Ренат (Ақтау)
– Үздік қорғаушы — Кораласбаев Шыңғыс (Самұрық Энерго)
– Үздік шабуылшы — Қытайбай Нұрболат (Ақтау)
– Үздік ойыншы — Аскаров Руслан (Абыро́й)
– Үздік ойыншы (+35) — Сүлейменов Жанибек (Астана ПД)
QAZAQSTAN QYZMET SUPER CUP - сенім орнату, тәжірибе алмасу және корпоративтік мәдениетті дамыту алаңы ретінде маңызға ие. Турнир адам капиталын нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
