6 сағат бұрын
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында садақ атудан әлем чемпионатында компаунд бағдарламасы бойынша бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жекелей сында ел намысын қорғаған Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова 1/8 финалға дейін жете алды.
Андрей Тютюн плей-офф кезеңінде Бангладеш, Вьетнам, Сальвадор елдерінің өкілінен айласын асырғанымен, Түркия спортшысынан өте алмады. Әсіресе Андрейдің Сальвадор атынан қатысқан, әлем чемпионатының жүлдегер Роберто Эрнандесті жеңгенін атап өткен жөн.
Әйелдер бәсекесінде Адель Жексембинова 1/16 финалда тек болашақ әлем чемпионы атанатын Андреа Бекераға (Мексика) есе жіберсе, Роксана Юнусова 1/8 финалда қола жүлдегер, командалық бәсекеде 3 дүркін әлем чемпионы Алехандра Ускианоға (Колумбия) есе жіберді.
Айта кетейік, компаунд сайысында әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет қола медаль жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
