3 күн бұрын
Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада бүгін, 11 қыркүйекте шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы жарыс күнінде 1500 метр қашықтықта Ольга Тихонова әйелдер арасында үздік атанды. Одан кейінгі орындарды Малика Ермек пен Полина Омельчук өзара бөлісті.
Ал ерлер бәсекесінде Әділ Ғалиахметов мәре сызығын бірінші болып қиса, Нұртілек Қажғали пен Глеб Ивченко жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Ертең, 12 қыркүйекте аталған қашықтықтағы екінші сайыс болады.
Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ел құрамасы жасақталып, олар Олимпиада жолдамасы үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдеріне қатысады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
