2 күн бұрын
Шорт-тректен ел біріншілігінің екінші жарыс күнінде кімдер топ жарды?

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Астанадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, екінші жарыс күні қатысушылар 500 және 1 500 метр қашықтықта жүлдегерлерді анықтады.
1 500 метр, әйелдер:
1-орын. Ольга Тихонова
2-орын. Анастасия Галечина
3-орын. Полина Омельчук
Ерлер:
1-орын. Әділ Ғалиахметов
2-орын. Нұртілек Қажғали
3-орын. Әлішер Абулкатимов
500 метр, әйелдер:
1-орын. Яна Хан
2-орын. Анастасия Галечина
3-орын. Зейнеп Құмарқан
Ерлер:
1-орын. Әділ Ғалиахметов
2-орын. Абзал Әжіғалиев
3-орын. Глеб Ивченко
Ертең жеке сайыстан 1 000 метр және ерлер (эстафетада 5 000 метр) мен аралас эстафетада (2 000 метр) жүлде сарапқа салынады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
