8 сағат бұрын
Шыңғыс Тайлиев каратэ спортынан Аустриядағы жарыста қола алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ұлттық құрама спортшысы Шыңғыс Тайлиев Аустрияның Зальцбург қаласында өткен А сериясындағы турнирде каратэ спортының кумите бағдарламасында 75 кг дейінгі салмақта жүлде алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша,
қола медаль үшін жекпе-жекте ол Финляндия өкілі Томас Сур Инкеройненді 7-2 есебімен ұтты. Отандасымыз жарыс барысында жеңген қарсыластар:
Роман Чимбур (AIN2) 11-1.
Марио Ианнуцци (Италия) 7-2.
Витулано Дженнаро (Италия).
Жұбаныш кезеңі: Мисини Мурсел (Македония) 4-0.
Біздің команда Karate 1-Series A Salzburg жарысын 2 қола медальмен 11-сатыда аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
