1 күн бұрын
«Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары басталды

Фото: Дене шынықтыру және спорт комитеті
11-21 қыркүйек күндері «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындары өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Дене шынықтыур және спорт комитетінің хабарлауынша, бұл шара елімізде бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, өңірлерде ауыл спортын дамыту және өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынған.
Төртжылдықтың басты додасын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Алматы облысының әкімдігі ұйымдастыруда.портын д
Араға төрт жыл салып өтетін кешенді жарыс ауыл спортын дамытудың тиімді жолы болмақ. Олимпиадалық, ұлттық және олимпиадалық емес 20 спорт түрін біріктірген шара Алматы облысында бастау алды (Қонаев қаласы, Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ, Қарасай ауданы).
Көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, асық ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, құсбегілік, жекпе-жек, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, қол күрес, гір спорты, кикбоксинг, «Толағай» алыптар сайысы секілді спорт түрлерінен Қазақстаннның ауыл спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Жарыста спортшылардың жеке жеңістері және командалық ойындардың жетістіктері ұпай арқылы есептеліп, үздік облыс анықталады. Ойындарға үш мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Бәйге түрлері бойынша шабандоздар жарыс шымылдырығын түреді, алғашқы күні-ақ бәйгеден жеңімпаздар анықталады.
Сондай-ақ аталған шараға еліміздегі республикалық маңызы бар қалалар қатыспайды, яғни 17 өңірдің соңғы төрт жылдағы ауыл спортын дамыту деңгейі байқалады.
Ауыл спорты ойындары алғаш рет 2000 жылы Астана қаласында, 2001 жылы Ақмола облысында, 2002 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өткен. Қазіргі таңда «Ақ бидай» Олимпиада жүйесі бойынша, яғни төрт жылда бір рет ұйымдастырылады. Маңғыстау облысында 2021 жылы өткен соңғы ойындарда Түркістан облысының спортшылары үздік өнер көрсеткен.
Ауыл спортын дамыту – ұлт денсаулығы мен болашағының негізі. «Ақ бидай» ойындары жастарды спортқа баулып, ауылдағы бұқаралық спортты жандандыруға серпін береді. Бұл жарыс өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жақсартуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
