2 сағат бұрын
Қазақстандық гимнастка Чехияда Гран-приде екі күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастка Айбота Ертайқызы Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде қос жүлдеге қол жеткізді.
Отандасымыз булавалармен орындаған жаттығуда 28,100 ұпай жинап күміс медаль еншілесе, лентадағы өнерінде 28,050 ұпаймен тағы бір күміске ие болды. Бұдан бөлек, Ертайқызы көпсайыста бесінші орынға тұрақтап, халықаралық деңгейде тұрақтылығын тағы бір дәлелдеді.
Бұл нәтиже жас спортшының алдағы ірі турнирлерге сенімді қадам жасап келе жатқанын көрсетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
