1 сағат бұрын

Конкурдан жасөспірімдер арасындағы «Prestige кубогында» кімдер жеңіске жетті?

Конкурдан жасөспірімдер арасындағы «Prestige кубогында» кімдер жеңіске жетті?

14 қыркүйекте Prestige Horse Club ат клубының аумағында балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарыстары мен ат шоуын қамтыған «Prestige кубогы» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарысқа 12 мен 16 жас аралығындағы жас шабандоздар қатысып 110 см биіктіктегі кедергілермен белгіленген маршруттарды еңсеру бойынша өнер көрсетті.

«Біздің клуб мұндай шараны алғаш рет ұйымдастыруда. Конкур жарысы Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясының қолдауымен өтіп отыр. Жарысқа Астана қаласындағы түрлі ат клубтарынан 20 жас спортшы қатысты», - деді Prestige Horse Club директоры Азамат Ермекқали.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарыстары Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады.

Жарыс нәтижелері:

1 орын – Нұрлы Медетхан мен тұлпары Бүркіт (Prestige Horse Club)

2 орын – Алина Бигалиева және Diaz13 (Prestige Horse Club)

3 орын – Карина  Най мен Примач («Көкпар Астана» клубы)

Жеңімпаздарға медальдар, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды. 4-5 орын алған қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйақылар берілді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Алуа Балқыбекованың қарсыласы: жеңілісті ешкім қабылдамайды

Бокс 7 минут бұрын

Алуа Балқыбекованың қарсыласы: жеңілісті ешкім қабылдамайды

Астанада шорт-тректен ел чемпионаты мәресіне жетті

Басқа 36 минут бұрын

Астанада шорт-тректен ел чемпионаты мәресіне жетті

Конкурдан жасөспірімдер арасындағы «Prestige кубогында» кімдер жеңіске жетті?

Басқа 1 сағат бұрын

Конкурдан жасөспірімдер арасындағы «Prestige кубогында» кімдер жеңіске жетті?

Камиль Куруглиев әлем чемпионатының қоласына таласады

Күрес 1 сағат бұрын

Камиль Куруглиев әлем чемпионатының қоласына таласады

Ресейден келген легионер Начын Куулар әлем чемпионатында жеңіске жетті

Күрес 2 сағат бұрын

Ресейден келген легионер Начын Куулар әлем чемпионатында жеңіске жетті

«Қайрат» клубы «Реал Мадридке» қарсы ойында билет қанша тұратындығын хабарлады

Футбол 2 сағат бұрын

«Қайрат» клубы «Реал Мадридке» қарсы ойында билет қанша тұратындығын хабарлады