2 сағат бұрын
Жаңа маусымға Қазақстанның шорт-трек құрамасы белгілі болды

Қазақстан Республикасының шорт-тректен ұлттық құрамасының 2025/2026 маусымының құрамы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Құрама команда 11–14 қыркүйек күндері Астанада өткен Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталды. Құрамаға 6 ер және 5 әйел спортшы енді.
Ерлер:
Денис Никиша
Әділ Ғалиахметов
Нұртілек Қажғали
Абзал Әжғалиев
Мерсаид Жақсыбаев
Глеб Ивченко
Әйелдер:
Малика Ермек
Ольга Тихонова
Яна Хан
Алина Әжғалиева
Құмарқан Зейнеп
Спортшылар ел намысын алдағы ISU Short Track World Tour кезеңдерінде қорғайды.
Халықаралық жарыстар күнтізбесі:
· Монреаль (Канада) – 9–12 және 16–19 қазан
· Гданьск (Польша) – 20–23 қараша
· Дордрехт (Нидерланд) – 27–30 қараша
Айта кетейік, алдағы төрт кезең – 2026 жылы Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары ретінде саналады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
