2 сағат бұрын
Семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК
Қарағандыда семсерлесуден ересектер арасында Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысқа 250-ден астам спортшы қатысады.
Республикалық турнир 15 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін жалғасады.
15-16 қыркүйек күндері рапира бойынша жарыстарда медальдар сарапқа салынады. Содан кейін семсер қаруымен айқасудан сайыстар өтеді. Қылыш қаруымен айқасушылар чемпионатты аяқтайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
