2 сағат бұрын
Бейжіңде Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды

Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қазақстан атынан мұздағы билер бағдарламасында Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова өнер көрсетті, деп хабарлайды sport12.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақ дуэті алғаш болып мұзға шығып, ритм-биде 50,64 ұпай жинады. Нәтижесінде олар аралық есепте 16-орынға табан тіреді. Көшбасшылықты Литва спортшылары Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс иеленді — 80,92 ұпай.
Еркін би 21 қыркүйек күні өтеді. Ал ерлер арасындағы жеке сырғанауда Қазақстан намысын Диас Жіренбаев қорғайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
