2 сағат бұрын
Батуттық гимнастикадан отандастарымыз Әлем Кубогы кезеңінде чемпион атанды

Германияның Котбус қаласында өткен батуттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды.
Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпай күміспен күптелсе, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге иелік етті.
Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдеге алған еді.
Әлем Кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
