4 сағат бұрын
Оңтүстік Кореяда спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты басталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты бастау алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш елде алғаш рет ұйымдастырылып отырған додаға 60 мемлекеттен 500-ден астам атлет қатысуда. Бірінші жарыс күні «қиындық» бағдарламасында іріктеу кезеңдері өтті. Онда қазақстандық спортшылар да бақ сынады. Ерлер арасында Азат Майкотов 67,41 ұпай жинап, 68-орынға тұрақтады. Ал әйелдер арасында Маргарита Агамбаева 53,42 ұпаймен 54-орыннан көрінді. Өкінішке қарай, қос спортшымыз іріктеу кезеңінен аса алмады.
Ертең, 23 қыркүйекте, боулдерингтен іріктеу сайыстары өтеді. Онда да Азат Майкотов пен Маргарита Агамбаева ел намысын қорғайды.
Алғашқы жүлде жиынтығы 24 қыркүйекте, әйелдер арасындағы «жылдамдық» санатында сарапқа салынады. Дәл осы бағларламада ерлер арасындағы бәсекенің ақтық жарыстары 25 қыркүйекте өтеді. Чемпионат 28 қыркүйекке дейін жалғасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
