2 сағат бұрын

Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

Фото: Дене шынықтыру және спорт комитеті

Әлемдік деңгейдегі сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Астанаға аты аңызға айналған сумо өкілі, моңғол балуаны Хакухо Сё (шын аты – Мунхбатын Даваажаргал) келді. 

Сапары аясында ол Қазақстандағы сумо құрамасының спортшыларымен кездесті. Сонымен қатар ҚР сумо күресі қауымдастығының өкілдерімен шеберлік сабағы мен еркін пікір алмасу өткізді.

Сондай-ақ, Хакухо Сё елорда әкімі Жеңіс Қасымбекпен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен, бизнес-қоғамдастық және Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстандағы сумо күресінің даму тетіктері талқыланды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты. Өз сөзінде ол атақты спортшының әлемдік спорт тарихына қосқан зор үлесін атап өтті:

«Сіздің көптеген жеңістеріңіз бен теңдесі жоқ спорттық рухыңыз бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды, соның ішінде қазақстандықтарды да шабыттандырады», – деді министр орынбасары.

Хакухо Моңғолиядан шыққан, әкесі - 1968 жылғы еркін күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Сумодағы үздік жетістіктерінің арқасында ол ірі турнирлерде 45 рет жеңіске жетіп, кәсіби сумодағы рекорд иегері ретінде тарихқа енді. Шеберлігі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Хакухо сумо тарихындағы ең атақты балуан атанған. Ол Моңғолиядан шыққан төртінші шетелдік және осы елден шыққан екінші спортшы ретінде сумодағы ең жоғары дәреже – ёкодзуна атағына ие болған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

Басқа 2 сағат бұрын

Сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сабағын өткізді

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

Футбол 2 сағат бұрын

«Жеңіс» футбол клубының ойыншысы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды

Кака: топтық кезеңде қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық

Футзал 3 сағат бұрын

Кака: топтық кезеңде қарсыластарымызды қалпақпен ұрып аламыз деп ойладық

«Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 матчы жабық режимде өтеді

Футбол 3 сағат бұрын

«Қайрат» U-19 – «Реал Мадрид» U-19 матчы жабық режимде өтеді

Эмиль Галимов «Барыстың» алдағы бір ойынына қатыса алмайды 

Хоккей 3 сағат бұрын

Эмиль Галимов «Барыстың» алдағы бір ойынына қатыса алмайды 

Александр Заруцкий жарақатынан қашан айығады?

Футбол 3 сағат бұрын

Александр Заруцкий жарақатынан қашан айығады?