5 сағат бұрын
Жаттығу залын көзі көрмей қалған бала: полиция қылмыстық істі қысқартқан

Орал қаласында MMA спорт клубында бір көзі көрмей қалған 5 жастағы баланың оқиғасына қатысты полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бес жастағы Ерсұлтан Күшкімбаев биылғы жылдың ақпан айында жекпе-жек үйірмесіне барған еді. Кезекті жаттығу кезінде баланың бір көзі көрмей қалған. Полиция оған қатысты «қылмыстық құқықбұзушылық жоқ» деп іс қозғаудан бас тартқан.
Сәуір айында оны әкесі үйірмеге алып барған. Сәл уақыттан кейін балалардың бірі оның анасына телефон соғып, баласының жарақат алып қалғанын айтады. Бапкері баланы алып келе жатқанда беті қан-қан болған көрінеді. Ол дееру ауруханаға жеткізілген. Дегенмен онда офтальмологиялық бөлімше болмаған. Дәрігерлер баланың көзі қатты жарақттанғанын айтады. Көру қабілетін қайта қалпына келту мүмкін еместігін жеткізеді. Соққыны өатты болуы салдарынан көз торы жұлынып кеткен. Қан тамырлары мен көрі жүйесі үзілген.
Оқиғадан кейін ата-анасы полицияға хабарласады. Кейіннен дәлел болмауына байланысты қылмыстық іс қысқарып кетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас