5 сағат бұрын
Қазақстан су спорты түрлерінен Азия чемпионатын жоғары көрсеткішпен аяқтады

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды.
Отандастарымыздың қоржынында 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде бар.
Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды.
Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
