5 сағат бұрын

Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті келді

Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті келді

Бүгін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька бастаған делегация Астанаға келді. Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесу өткізіп, елордадағы бірқатар спорт нысандарын аралайды. Негізгі мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясат мәселелерін талқылау.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) — спорттағы допингке қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз ұйым. Ол Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен құрылған.

WADA-ның негізгі құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және оған қосымша сегіз халықаралық стандарт. Агенттіктің басты міндеті – допингке қарсы күресті насихаттау, үйлестіру және бақылау. Ұйым өз қызметін аймақтық және ұлттық допингке қарсы орталықтар арқылы жүзеге асырады және бұл орталықтар Кодекс талаптарын сақтауға міндетті. Сонымен қатар WADA зертханаларды аккредиттеп, допинг-бақылауға арналған ғылыми талдаулардың сапалы болуын қамтамасыз етеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бактиер Зайнутдинов Бельгиямен кездесуге қатыса алмайды

Футбол 2 минут бұрын

Бактиер Зайнутдинов Бельгиямен кездесуге қатыса алмайды

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте жеңілді

Хоккей 11 минут бұрын

ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте жеңілді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футбол 1 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізді

Футбол 3 сағат бұрын

Қазақстанның жастар құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізді

Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының неше түлегі Қазақстан чемпионатында ойнайтындығын айтты

Футбол 3 сағат бұрын

Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының неше түлегі Қазақстан чемпионатында ойнайтындығын айтты

Ұлттық құрама жайлы ерекше мәлімет шықты

Футбол 3 сағат бұрын

Ұлттық құрама жайлы ерекше мәлімет шықты