4 сағат бұрын
Астанада жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК
Елордадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен 7-9, 11-15 қараша аралығында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының бірінші және екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жарыстарға Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Канада, АҚШ, Нидерланд, Польша және өзге де шорт-трек бойынша алдыңғы қатарлы 27 елден 150-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Жас спортшылар 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасында 3000 метрлік және аралас құрамда 2000 метрлік эстафетада бақ сынайды.
Қазақстан құрамасы сапында Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Богдан Вехов, Павел Цой, Нұрия Алпысбай, Қасымбек Асылхан, Гүлдана Жалмұхан, Тамирлан Жолдас, Райана Манарбекова, Мадияр Мадихов және Мейіржан Төлеген өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
