3 сағат бұрын
Черногорияда таеквондодан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі медаль алды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Черногория астанасы Подгорица қаласында 11-12 қазан күндері таеквондодан (WT) G-1 санатындағы “Montenegro Podgorica Open 2025” халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аталған жарыста қазақстандық Мақсат Орынбасар мен Әзірет Дүйсербек көзге түсті.
Мақсат Орынбасар 74 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол жартылай финалда Германия, ал финалда Косово спортшысынан басым түсті.
Ал Әзірет Дүйсенбек 58 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.
Айта кетерлігі, халықаралық ашық турнирге әлемнің 24 елінен барлығы 333 таеквондошы қатысты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
