3 сағат бұрын
Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК
17-19 қазан аралығында Алматы облысында орналасқан «Almaty Horse & Polo Club» базасында атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, турнир үш күнге созылады. Медальдар балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында сарапқа салынады.
Сонымен қатар бағдарламаға FEI сынақтары енгізілген.
Айта кетейік, атпен мәнерлеп жүр - бұл жылқыны басқару өнері. Мұнда ырғақ, үйлесім, тепе-теңдік және орындау дәлдігі бағаланады. Сондықтан да оны жиі «жылқы үстіндегі балет» деп атайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
