17.10.2025
Ел президенті спорттық федерацияларды сынға алды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт саласында белсенді жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, тек мемлекет бөлетін қаржыға иек артатын федерация басшыларын сынға алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл туралы ол Төтенше жағдайлар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
«Бүгінгі таңда көптеген федерацияны ірі бизнес өкілдері мен мемлекеттік мекеме басшылары басқарып отыр. Бірақ кәсіпкерлер бұл қоғамдық іске өз қаржысын салуға құлықсыз, тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отырады. Мемлекеттік қызметшілер де осы жоғары қоғамдық лауазымдарды өзін «жарнамалау» құралы ретінде көреді. Тіпті, спортшылардың жетістігін өздерінің жеке жеңісі деп санайтындар бар. Мұндай теріс үдеріске тосқауыл қою қажет. Бүгінгі таңда көптеген федерацияны ірі бизнес өкілдері мен мемлекеттік мекеме басшылары басқарып отыр. Бірақ кәсіпкерлер бұл қоғамдық іске өз қаржысын салуға құлықсыз, тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отырады. Мемлекеттік қызметшілер де осы жоғары қоғамдық лауазымдарды өзін «жарнамалау» құралы ретінде көреді. Тіпті, спортшылардың жетістігін өздерінің жеке жеңісі деп санайтындар бар. Мұндай теріс үдеріске тосқауыл қою қажет», – деді мемлекет басшысы.
Ел басшысы бұл мәселе бойынша Президент әкімшілігіне жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов