5 сағат бұрын
Таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын аяқтады

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылы Қытайдың Уси қаласында өтетін Әлем чемпионатына дайындығын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Биыл ерлер құрамасы сапында Бекзод Қадірқұлов (54 келі), Тамирлан Тілеулес (58 келі), Самирхон Абабакиров (63 келі), Дамир Шуленов (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Нұрлан Мырзабаев (87 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жарыс жолына шығады.
Ал әйелдер құрамасында Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (49 келі), Азиза Қаражанова (53 келі), Мария Севостьянова (57 келі), Айша Әділбекқызы (62 келі), Нұрай Хусайнова (67 келі), Назым Махмұтова (73 келі) мен Евгения Каимова (73 келіден жоғары) сынды спортшыларға сенім артамыз.
Соңғы мәрте 2019 жылы Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының медаль алған еді. Сол жолы жетістікке Қайрат Сарымсақов (74 келі) қола жүлде алды. Биыл ерлер арасында ұлттық құраманың көшбасшылары Самирхон Абабакиров пен Батырхан Төлеуғалиге үлкен үміт артылып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
