4 сағат бұрын
Спорттық гимнастикадан отандастарымыз әлем чемпионатының финалына өтті

Джакартада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында жекелеген жаттығулар бойынша финалистер анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Үш спортшымыз үздік сегіздікке еніп, медаль үшін таласады.
Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасында 14.133 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов іріктеу кезеңінде ешкімге дес бермей, ең жоғары 14.700 ұпай жинады. Одан бөлек, ат снарядындағы финалда Зейнолла Идрисов та өнер көрсетеді (14.300 ұпай).
Еркін жаттығу мен ат снарядындағы финалдар 24 қазанда өтеді.
Қоссырықтағы жаттығулардың жүлдегерлері 25 қазанда анықталады.
Өкінішке қарай, Дияс Тойшыбек, Дмитрий Патанин және Ілияс Азизов финалға шыға алмады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
