14 сағат бұрын
Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды
Республика күніне орай «Amanat» партиясының Нұра аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасындағы алғашқы Спартакиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Спартакиада барысында қатысушылар кәсіптік-техникалық колледжінде шағын футбол мен шахматтан жеңімпаздарды анықтаса, №100 орта мектебінде үстел теннисі және волейболдан сынға түседі.
«Бүгін біздің кәсіптік-техникалық колледж Республика күніне орай өткізіліп жатқан Спартакиадада шағын футбол мен шахмат жарысын қабылдап жатыр. Шағын футболда 8 команда, ал шахматта 10 команда бас кубокқа талас жүрігзеді. Жалпы Спартакиада арқылы 200-ден астам қатысушы бүгін өз өнерін паш етеді. Жеңімпаздардың есімі түстен кейін белгілі болады», - деді кәсіптік-техникалық колледжі спорт кешенінің басшысы Иван Красай.
Турнирде орта мектептер, «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Астана аймақтық электрожелі компаниясы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы, Құралбек Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті және т.б командалар жиналды.
«Мен №33 жалпы орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ беремін. Шахматты бала кезде үйреніп, хоббиіме айналып кетті. Күйбең тіршіліктен қолым босағанда, үнемі осы ойынды серік етемін. Мектеп пен университет қабырғасында жарыстарға тұрақты қатысып, «Спорт шебері» нормативін орындағанмын. Енді міне ұстаз ретінде кейінгі 5 жылда алғаш рет сайысқа қатысуға мүмкіндік берілді. Өте қатты қуандым. Алдағы уақытта да спорттық бәсекелер көптеп ұйымдастырылса деген ниетім бар», - деді Күнсұлу Абжалова.
Спартакиада бүгін мәресіне жетеді және жеңімпаздар арнайы кубоктар мен сыйлықтармен марапатталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов