3 сағат бұрын
Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді
2025 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін Астана қаласында, «Арғымақ» атты Ат спорты-сауықтыру кешенінің аренасында Қазақстан Республикасының конкур (кедергілерді еңсеру) бойынша чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл чемпионаттың мақсаты – елімізде ат спортын дамыту мен насихаттау, спортшылар мен төрешілердің шеберлігін арттыру, сондай-ақ ең үздік шабандоздар мен аттарды анықтау.
Жарыс бағдарламасы
31 қазан 2025 жыл — Кедергілерді еңсеру
11:00 — Маршрут №1, «А» тобы, 238.2.1-бап, кедергі биіктігі 135 см дейін (іріктеу маршруты)
15:00 — Маршрут №2, «В» тобы, 238.2.1-бап, кедергі биіктігі 120 см дейін (іріктеу маршруты)
1 қараша 2025 жыл — Кедергілерді еңсеру
11:00 — Маршрут №3, «А» тобы, 273.3.4.2-бап, кедергі биіктігі 140 см дейін (екі айналым)
13:00 — Маршрут №4, «В» тобы, 273.3.4.2-бап, кедергі биіктігі 125 см дейін (екі айналым)
17:00 — Маршрут №4, «В» тобының екінші айналымы
2 қараша 2025 жыл — Кедергілерді еңсеру
11:00 — Маршрут №5, «А» тобы, 238.2.2-бап, кедергі биіктігі 145 см дейін
15:00 — Маршрут №6, «В» тобы, 238.2.2-бап, кедергі биіктігі 130 см дейін
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер маршрутарды ең аз айып ұпайымен және ең жақсы уақыт көрсеткішімен өту нәтижесі бойынша анықталады.
Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының конкур бойынша абсолютті чемпиондары аталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов