3 сағат бұрын
Батырхан Тілеуғали әлем чемпионатында 27 қазанда сынға түседі
Фото: Қазақстан ҰОК
Қытайдың Уси қаласында 27 қазан күні таэквондодан (WT) Әлем чемпионатының үшінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл күні Қазақстан құрамасынан Батырхан Тілеуғали (-80 кг), Айдана Кумартаева (-46 кг) және Евгения Каимова (-73 кг) өз салмақ дәрежелерінде сынға түседі.
Жарыс Астана уақытымен сағат 6:00-де басталады. Тікелей эфир World Taekwondo YouTube арнасынан көрсетіледі.
Айта кетерлігі, Әлем чемпионаты Қытайдың Уси қаласында өтіп жатыр. Дүниежүзілік біріншілік 30 қазанға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас