3 сағат бұрын

Айдана Құмартаева таеквондодан әлем чемпионатында сенсация жасады

Айдана Құмартаева таеквондодан әлем чемпионатында сенсация жасады

Усидегі таеквондодан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде әйелдер арасында тағы бір жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz

46 келіде бақ сынап жатқан Айдана Құмартаева алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, польшалық Никола Кражевсканы, содан кейін Киара Барросоны (Португалия) тізе бүктірді. 1/8 айналымда Вайшнавиді (Үндістан) 2:0 есебімен ойсырата ұтты. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандасымыз өз шеберлігін кезекті мәрте паш етті, World Taekwondo спортшысы Джесси Басетті сенімді жеңді. Есеп - 2:0.

Енді санаулы сәттен кейін жерлесіміз финалдық жолдама үшін айқасады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас