3 күн бұрын
Жүзуден Александр Румынский жасөспірімдердің Азия ойындарында қола медаль алды
сали сабиров
Қазақстандық жүзгіш Александр Румынский Манама (Бахрейн) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Спортшы 200 метрге арқамен жүзу сайысында финалға жолдама алды.
Шешуші кезеңде Румынский үшінші нәтиже көрсетті. Ол мәреге 02:03.97 уақытымен жетті.
Бірінші орынды Тайбэйлік Ю-тен Хуан (02:01.96) иеленсе, күміс медаль қытайлық Шици Цзиге (02:02.57) бұйырды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов