18 сағат бұрын

Нұрсейіт Жылқышыбай: Алматыда тарихи ипподром сүрілмекші

Нұрсейіт Жылқышыбай: Алматыда тарихи ипподром сүрілмекші

Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өз парақшасында Алматыда 100 жылдан астам уақыт бұрын салынған ипподром жайлы дабыл қақты, деп хабарлайды Sport12.kz

«Қазақ жылқы құмар, жылқы қадірлеген деген сөз далбаса сөз-ау. Алматыда 1930 жылы салынған тарихи ипподром біреулердің көз құртына айналыпты. 40 гектардан астам жер қып-қызыл ақша ғой. Соған тарсылдатып үй салмақшы. Сонда тарихи нысанның құны көк тиын ба? Не масқара бұл? Бұл мәселеге қатысты жүздеген атбегі ашу үстінде отыр. Мәселені керек болса, президент деңгейіне дейін апарамыз. Мен де ат ұстап, ат жүгіртіп жүрген қазақпын. Бұл үлкен мәселе!», - деді Нұрсейіт Жылқышыбай.

Сондай-ақ ол парақшасында Алматы тарихи нысандардың азайып бара жатқандығын да тілге тиек етті.

 «Франция астанасы бір Париждің өзінде 250 ипподром бар. Ал біз Алматыдағы жалғыз ипподромды көп көріп отырмыз. Біз қазір Алматыны құртып біттік. Алатау баурайындағы әсем қаланың табиғатын ластадық. Тарихи нысандар жойылып барады. Сөзім жоқ!», - деп Нұрсейіт өз ойын тәмамдады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас