07.11.2025
Батуттағы гимнастикадан отандастарымыз қалай өнер көрсетті?
Батуттағы гимнастикадан Испанияның Памплона қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сынның алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Ерлер арасында өткен сайыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Данил Мусабаев болды. Ол 59.080 ұпай жинап, 32-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, ол екінші кезеңге өте алған жоқ. Қазақстандық үшінші қосалқы спортшы ретінде тіркелді.
Никита Тумаков – 37-орында, Роман Барков – 38-орында, ал Ерлан Тасмағамбетов – 68-орында аяқтады.
Әйелдер арасында өткен сайыста Виктория Бутолина 39-орынға тұрақтап, бастапқы кезеңнен өте алмады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов