07.11.2025
VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында ту көтеру рәсімі өтті
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында спортшылар қалашығында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстаннан келген спортшылардың алғашқы легі қалашыққа орналасып, жатын орындарымен танысты.
Айта кетерлігі, 7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтетін айтулы бәсекеде әлемнің 57 елінен 3000-нан астам спортшылар бақ сынайды.
Қазақстаннан 98 отандасымыз 15 спорт түрінен жүлдеге талас жүргізеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов