08.11.2025
Спорт федерацияларына қатысты жаңа ақпараттық жүйені енгізіп жатыр
Фото: egemen.kz
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «E-sport: дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» атты ақпараттық жүйені енгізіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жобаның бірінші кезеңінде пилоттық режимде үш негізгі модуль іске қосылды:
• спортшылар, жаттықтырушылар және төрешілердің электронды паспорты;
• спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электронды күнтізбесі;
• спорт ғимараттарының бірыңғай тізілімі.
Қазіргі уақытта жүйе тестілеуден өтуде. Онда 85 спорт федерациясы мен 50 ұйым жұмыс істейді.
Екінші кезеңде қосымша модульдерді әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарына мыналар кіреді:
• жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу;
• статистикалық деректерді қалыптастыру және есепке алу;
• мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оларды проактивті форматқа көшіру.
Жоба отандық спорттың бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Бұл спорт саласындағы ақпаратты бір арнаға біріктіруге, басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға және азаматтар үшін спорт қызметтерінің қолжетімдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас