08.11.2025
Пәкістанда тоғызқұмалақ федерациясы ашылды
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Пәкістан астанасы Исламабад қаласында осы елдегі тоғызқұмалақ федерациясы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.
Жиналыс қорытындысы бойынша Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті болып Пәкістан Ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш сайланды.
Бұл бастаманың жүзеге асуына Қазақстан Елшілігінің белсенді қолдауы зор болды. Елшілік бастамасымен Исламабадта салынып жатқан “Достық” спорт кешенінде қазақтың ұлттық спорт түрлері – Қазақ күресі мен Тоғызқұмалақ тұрақты түрде дамытылатын болады. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін Пәкістанның басқа ірі қалаларында да осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас