08.11.2025

Жүзуші Әділбек Мусин Сауд Арабиясында ерекше қызметке кірісті

Жүзуші Әділбек Мусин Сауд Арабиясында ерекше қызметке кірісті

Қазақстанның жүзу федерациясы Олимпиада қатысушысы, Азия чемпионы Әділбек Мусиннің халықаралық додада комиссия құрамына кіргенін жария етті, деп хабарлайды Sport12.kz

"Жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Әділбек Мусинді Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) спортшылар комиссиясының құрамына сайлануымен құттықтаймыз! 

Сайлау Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындары қарсаңында өтті. 

15 кандидаттың ішінен дауыс беру нәтижесінде 8 спортшы комиссия мүшесі ретінде тағайындаған. 

Айта кетейік, 2025 жылы 8–14 қараша аралығында жүзу құрамасы ел намысын ойындарда қорғайды", - делінген хабарламада.

Жүзуден Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 2005 жылы 13 алтын медальді жеңіп алған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас