08.11.2025
Конькимен жүгіруден Евгений Кошкин Қазақстан рекордын жаңартты
Конькимен жүгіруден Ұлттық құрама спортшысы Евгений Кошкин АҚШ-тағы The Beehive Burn турнирінде жаңа рекордты тіркеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол 500 метрге жарыста Қазақстанның жеке рекордын (34.20 секунд) жаңартты. Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд та Евгений Кошкинге тиесілі. Ол 1 наурызда Нидерландтағы Әлем кубогы кезеңінде дәл осы қашықтықты 34.30 минутта жүгіріп өткен,
Енді отандасымыз 14-16 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында Милан Олимпиадасына лицензиялық ұпай беретін Әлем кубогының кезеңіне қатысады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов