08.11.2025

Жүзушілеріміз Ислам ынтымақтастығы ойындарында жартылай финалға өтті

Жүзушілеріміз Ислам ынтымақтастығы ойындарында жартылай финалға өтті

Қазақстан құрамасы жүзуден Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында финалға жолдама үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz

Софья Сподаренко, Әділбек Мусин және Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуден іріктеуден сәтті өтті.

Ал Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үш қазақстандық спортшы жартылай финалға жолдама алған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас