8 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан Любовь Ковальчук Ислам ойындарын үш жүлдемен аяқтады
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының үш дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстандық спортшы 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үш рет күміс медаль иеленді.
Алдымен Ковальчук жұлқа көтеруде екінші орын алды. Кейін ол серпе көтеруде 150 келіні еңсеріп, тағы да күміске қол жеткізді.
Сондай-ақ Любовь қоссайыс қорытындысы бойынша 267 келімен күміс медаль жеңіп алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов