3 сағат бұрын
Әділбек Мусин Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды
Сурет: Нұрғали Жұмағазы. Қазақстан ҰОК
Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде екінші орынға ие болды. Ол қашықтықты 52.73 уақытта жүзіп өтті.
Өзбекстандық Эльдорбек Усмонов жеңіске жетті - 52.69. Ал Джессе Сенгози (Уганда) үшінші орынға жайғасты - 53.45.
Ал Максим Сказобцев осы сайыста 53.57 нәтижесімен төртінші орынға ие болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас