13.11.2025
Қазақстан үміті Софья Самоделкина Хорватия мұзында өнер көрсетеді
Қазақстанның жетекші мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина келесі жарысын Хорватияның астанасы Загребте өткізеді.
3–6 желтоқсан аралығында өтетін Golden Spin of Zagreb 2025 турнирі — Халықаралық конькишілер одағы (ISU) ұйымдастыратын Challenger сериясына кіреді. Жарысқа әлемнің бірнеше елінен үздік спортшылар қатыспақ, олардың қатарында Самоделкина да бар.
Қазақстандық спортшының басты қарсыластарының бірі — Бельгия өкілі Луна Хендрикс, әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері (2022 жылы — күміс, 2023 жылы — қола).
Еске сала кетсек, жуырда өткен Гран-при кезеңінде Осакада Самоделкина екінші орын иеленіп, Хендриксті артта қалдырған болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»