13.11.2025
Қазақстан Ислам ойындарында қай орында келе жатыр?
Sport12.kz сайты Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының бесінші жарыс күнінің жалпы қорытындысын ұсынады.
Қазақстан спортшылары Ұлттық құраманың қоржынын 8 медальмен (1 алтын, 5 күміс және 2 қола) толықтырды. Қазіргі уақытта Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-сатыда тұр.
Алтын медальді отандасымыз Софья Сподаренко 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден финалдық сайыста жеңіп алды.
Ауыр атлетикадан өнер көрсеткен екі спортшымыз. 4 медаль иеленді. Любовь Ковальчук жұлқа көтеру, серпе көтеру және қос сайыс қорытындысында үш күміс медальға қол жеткізсе, Артём Антропов серпе көтеруде қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар Қазақстан ерлер құрамасы (Әділбек Мусин, Глеб Коваленя, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов) 4×100 метрге еркін стильде жүзуден эстафетада екінші орынды иеленді. Бұдан бөлек, Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда күміс медаль ұтып алды.
Каратэден (WKF) Дайяна Даренская қола медаль алды.
Медаль кестесі:
1. Түркия - 91 медаль (51 алтын, 24 күміс, 16 қола)
2. Өзбекстан - 46 (15 алтын, 17 күміс, 14 қола)
3. Мысыр - 27 (10 алтын, 6 күміс, 11 қола)
4. Қазақстан - 34 (9 алтын, 12 күміс, 13 қола)
5. Иран - 31 (7 алтын, 8 күміс, 16 қола)
6. Нигерия - 14 (6 алтын, 5 күміс, 3 қола)
7. Әзірбайжан - 34 (5 алтын, 11 күміс, 18 қола)
8. Бахрейн - 10 (5 алтын, 3 күміс, 2 қола)
9. Сауд Арабиясы - 21 (5 алтын, 1 күміс, 15 қола)
10. Индонезия - 23 (4 алтын, 12 күміс, 7 қола)
Жарыс 21 қарашаға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов