13.11.2025
Муай-тайдан Тұрар Дүйсехан Ислам ойындарының финалына шықты
Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Ар-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшымыз жартылай финалда әзірбайжандық Али Алиевпен кездесіп, жекпе-жекті 30:27 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Бұған дейін Тұрар Дүйсехан 1/8 финалда Сауд Арабиясының өкілі Албар Аламуданы, ал ширек финалда БАӘ спортшысы Адел Халилді жеңген болатын.
Осылайша, Дүйсехан финалға жолдама алып, Ислам Ынтымақтастығы ойындарының алтыны үшін айқасқа түседі.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов