18.11.2025
Қазақстан өкілі Virtus халықаралық федерациясының вице-президенті болып сайланды
Каирде өткен Virtus халықаралық спорт федерациясының Бас Ассамблеясында 2025–2029 жылдарға арналған басқарма сайлауы өтті. Тарихта алғаш рет Орталық Азиядан Қазақстан өкілі Дина Темірғалиева вице-президент қызметіне сайланды.
Бұл шешім Virtus мүшелерінің дауыс беруі арқылы қабылданып, Қазақстанның инклюзивті спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетті. Сонымен қатар бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің халықаралық спорт ұйымдарындағы рөлін күшейту жөніндегі тапсырмасымен де үндеседі.
Соңғы үш жылда «Интеллектуалдық даму ерекшелігі бар адамдар спорты федерациясы» Туризм және спорт министрлігімен бірге халықаралық чемпионаттар ұйымдастырып, қазақстандық спортшылардың әлемдік аренадағы қатысуын арттырды және ұлттық заңнамаға маңызды өзгерістер енгізуге бастамашы болды.
Дина Темірғалиева жаңа қызметінде инклюзия құндылықтарын алға жылжытып, Азия аймағындағы және әлемдегі ерекше жандар спортын дамытуға күш салатынын айтты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»