2 күн бұрын
Геннадий Головкин Италия бокс федерациясы президентімен кездесті
Фото: Қазақстан ҰОК
World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Италия бокс федерациясының президенті Флавио Д’Амбрози және ұйымның бас хатшысы Вальтер Де Джустимен жүздесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу халықаралық федерацияның жаңа президентін сайлауға арналған World Boxing конгресі қарсаңында Римде өтті.
Головкин Италия бокс федерациясына Конгресті қабылдап, алдағы жиынға жоғары деңгейде дайындалғаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде федерация басшылары алдағы сайлауда оған сәттілік тіледі.
Айта кетейік, World Boxing Конгресі 23 қараша күні Римде өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас