2 күн бұрын
Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Ислам ойындарында күміс медаль алды
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
52 келіде бақ сынаған аруымыз өз белдесулерін В тобынан бастады. Ол Иран спортшысы Ясамин Назари (6:0) мен марокколық Маруа Элидриссиді (6:0) жеңіп, жартылай финалға өтті.
1/2 финалда жерлесіміз Хаммуми Маиссааны (Алжир) жеңді. Ал финалда биылғы әлем чемпионы Асма Альхосаниге (БАӘ) есе жіберді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов