27.11.2025
Каратэден Қайсар Алпысбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Бүгін Мысырдың Каир қаласында жекелей сындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін татамиге біздің спортшылардан Қайсар Алпысбай (-60 кг), Гүлмира Үсенова (-55 кг), Дидар Әмірәлі (-67 кг) және Нұрқанат Әжіқанов шығады.
Топтық кезең бүгін Астана уақытымен сағат 13:40-та басталады. Ал осы салмақтағы 1/8 айналым жекпе-жектері түнде 22:10-ға жоспарланған.
Еліміздің атынан алғаш болып 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайсар Алпысбай жарыс жолын бастады. Ол топтық кезеңде Шу Ли Вей (Тайпей) мен Деклан Скуирдың (Аустралия) осал тұсын тапты.
Барлығы Каирдегі әлем чемпионатында 88 мемлекеттен 384 каратэ шебері жүлдеге таласады (ката бағдарламасында 2, ал кумитеде 10 жүлде жиынтығы).
Әлем чемпионатын World Karate YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал финалдарды Қазақстан аумағында Sport+Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов