12 сағат бұрын

Қазақстандық шорт-трекист әлемдік тур кезеңінің ширек финалына шықты

Қазақстандық шорт-трекист әлемдік тур кезеңінің ширек финалына шықты

Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші кезеңіндегі алғашқы жарыс күнінің іріктеу кезеңдері аяқталды.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша 500 метрге жүгірудің алдын ала кезеңін сәтті еңсерді. Ол 41.004 секунд нәтижесімен өз іріктеу тобында бесінші орын алып, тікелей ширек финалға жолдама ұтты.

Осы жарыс қашықтығында қазақстандық Абзал Әжғалиев (41.270) пен Мерсаид Жақсыбаев (41.159) ширек финалға шығу үшін қосымша жарыстарға қатысады.

1500 метрге іріктеу сынында Нүртілек Кажғали мен Әділ Ғалиахметов ширек финалда қарсыластарына жол бергенімен, жартылай финалға өту мүмкіндігін сақтап отыр.

Ал әйелдер құрамасы 1000 м, 3000 м және аралас эстафета (2000 м) бойынша келесі кезеңге өте алмады.

Жалпы турнирге 42 елден 258 үздік спортшы қатысып жатыр. Жарыс 30 қарашаға дейін жалғасады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас