10 сағат бұрын

Шорт-тректен әлемдік турдың 4-кезеңінде Денис Никиша ширек финалға шықты

Шорт-тректен әлемдік турдың 4-кезеңінде Денис Никиша ширек финалға шықты

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші кезеңінің бірінші жарыс күнінің іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ерлер арасында 500 метр қашықтықта сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша 

іріктеу сынынан іркілмеді. Ол 41.004 секунд уақыт нәтижесімен өз кезегінде бесінші болды. Дәл осы бағдарламада отандасымыз Абзал Ажғалиев (41.270) пен Мерсаид Жақсыбаев (41.159) қосымша сайыстар арқылы ширек финалдың жолдамасына таласады.

Сондай-ақ ерлер арасындағы 1500 метрлік сайыстың іріктеуінде Нұртілек Қажғали мен Әділ Ғалиахметов ширек финалда сүрінгенімен, жартылай финалға шығуға әлі де үміттерін үзбеді. Ал өкінішке қарай, әйелдер арасындағы 1000 метр және 3000 метр мен аралас эстафетада (2000 метр) спортшыларымыз келесі кезеңге өте алмады. 

Әлемнің 42 елінен 258 үздік атлет жиналған байрақты бәсеке 30 қарашаға дейін жалғасады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас