2 сағат бұрын
Екі каратэшіміз әлем чемпионатының плей-оффына шықты
Каир қаласында өтіп жатқан жекелей сындағы әлем чемпионатының 2-жарыс күнінде Әсел Қанай (61 келі) мен Дайяна Даренская (68 келі) топтық кезеңдегі жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
Әсел Қанай өз тобында Али Хани (Үндістан) мен Нина Радженовичті (Швейцария) жеңіп, Вафа Махжубқа (Тунис) жол берді.
Ал Дайяна Даренская Луиса Паленсиядан (Гватемала) басым түсіп, Сомбе Талиямен (Франция) тең түсті. Ол тек Эда Елтемурдан (Түркия) есе жіберді.
Енді 1/16 айналым бүгін түнде сағат 20:10-да басталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов